Мен жайлы

 Ықылам заманнан бері өз жері, өз тілі бар халық жеке Ел болуға ұмтылған. Халқын ынтымақ пен бірлікке шақырған хан-сұлтандары мен дана билері, жерін қорғар баһадүр батырлары мен тілін таныта, ділін дамыта білген жыраулары бар Ел сақталған. Сон-ау түркі тілдес Сақ, Ғұн тайпаларынан келе жатқан ата-бабаларымыз бері келе, нақтырақ айтсақ Керей мен Жәнібек сынды ұлылар 1465 жылы Қазақ Елі аталып өзінің іргесін бекіте, Туын көтерді. Содан бері «мың өліп, мың тірілген» қазақ халқы шытырман-шұбырынды, аударыс-төңкеріс заманды, қилы-қилы қиямет тағдырды басынан өткерді. Аруақты да рухты бабалар жауласқанмен жұлысып, сыйласқанмен сырласып Атырау мен Алтай өңірі, Еділ мен Ертіс өзені аралығындағы жері мен елін сақтап, халқының тұрмысын жақсартуға бар қажыр-қайратын жұмсады.